IBM Онлайн құпиялылық туралы мəлімдемесі

Бұл мәлімдеме 2020 жылғы 1 желтоқсанда күшіне енеді.

Бұл мәлімдеменің ескі нұсқасын мына жерден табасыз.

Сіздің құпиялылығыңыз IBM корпорациясы үшін маңызды; сіздің сеніміңізді сақтау біз үшін аса маңызды.

Бұл Мәлімдеме IBM корпорациясының және біздің еншілес компанияларымыздың веб-сайттары, веб-сайт пайдаланушылары туралы қандай ақпарат жиналуы, бақылануы және қалай пайдаланылуы, таратылуы немесе басқа түрде оффлайн өңделуі мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтиды. Осы Мәлімдеме сондай-ақ cookie файлдары, web beacon файлдары және басқа технологияларды IBM Cloud қызметтерінде және бағдарламалық жасақтама өнімдерінде қалай пайдалануын сипаттайды. Осы құпиялылық туралы мәлімдемедегі IBM веб-сайттарының, өнімдерінің және қызметтерінің сілтемелері қолданбаларды, бағдарламаларды және құрылғыларды қамтиды.

Бұл IBM Онлайн құпиялылық туралы мәлімдемесі IBM Құпиялылық туралы мәлімдемесін толықтырады.

Бұл Мәлімдеме осы Мәлімдемеге сілтеме жасайтын IBM веб-сайттарына қатысты қолданылады, бірақ құпиялылық туралы жеке/бөлек мәлімдемесі бар IBM веб-сайттарына қолданылмайды. Бұған қоса, біз тек қана клиенттердің атынан және олардың мүддесі үшін ақпаратты өңдейтін жағдайларға осы Мәлімдеме қолданылмайды (мысалы, біз веб хостинг қызметтерінің провайдері ретінде әрекет еткен жағдайда).

Бұл Мәлімдеме біздің сізбен өзара нақты қарым-қатынасымызға қатысты қосымша ақпаратпен толықтырыла алады; мұндай қосымша ақпарат келісім-шарт түрінде болуы мүмкін немесе сіз онлайн қызметтеріне тапсырыс берген немесе пайдаланған кезде қолданылатын нақты құпиялылық туралы мәлімдеме болуы мүмкін.

Бұл Құпиялылық туралы мәлімдемеде сипатталғандай, ibm.com арқылы жиналған ақпаратқа қатысты, IBM корпорациясының құпиялылық тәжірибесі АТЭС трансшекаралық құпиялылық ережелеріне сəйкес келеді. АТЭС CBPR жүйесі ұйымдарға АТЭС қатысушы елдер арасында берілетін дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін негіз қалайды. АТЭС жүйесі туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады (PDF, 89 Кб).

Құпиялылық саясатымызға немесе тәжірибелерімізге қатысты сұрақтарыңыз немесе шағымдарыңыз болса, бізбен осы нысан арқылы хабарласыңыз. Құпиялылыққа немесе деректерді пайдалануға қатысты біз шеше алмаған мәселелеріңіз болса, АҚШ-тағы дауларды шешу жөніндегі үшінші тараппен осы жерде хабарласыңыз (тегін).

Дербес деректерді жинау

Кіріспе

Жағдайларға байланысты дербес деректеріңізді бізге тікелей беруді таңдай аласыз. Мысалы, өнімге тапсырыс беру, тапсырысты рәсімдеу, қызмет көрсету үшін тіркелу, жазылымды жеткізу үшін немесе егер жеткізуші немесе бизнес серіктес болсаңыз, бірге бизнес жасау мақсатында байланысу үшін атыңызды және байланыс ақпаратын бере аласыз. Сондай-ақ, банк картаңыздың мәліметтерін бізден бір нәрсе сатып алу үшін бере аласыз немесе IBM корпорациясында ашылған жаңа жұмыс орындарына байланысты өзіңіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз туралы ақпаратты бөлісе аласыз. Егер сіздің сұранысыңызды орындаудан бөлек алда сізбен байланысу үшін ақпаратты пайдалануды қаламасаңыз, біз сіздің шешіміңізді есепке аламыз.

Тіркеу

Ақпарат алуды, жарияланымдарды жүктеуді, жанды немесе виртуалды іс-шараларға тіркелуді немесе тесттік қызметтерді қаласаңыз, атыңыз бен іскерлік байланыс ақпаратын, сондай-ақ сұрауыңызға байланысты басқа да мәліметтерді беруді сұрай аламыз. Біз бұл ақпаратты сұрауыңызға байланысты және өзіңізбен байланысу үшін пайдаланамыз. Бұл ақпарат көбінесе веб-сайттарымызға кірген кезде өзіңізді сәйкестендіредi. Өзіңізбен болашақтағы ықтимал өзара әрекеттесу үшін ақпаратыңызды сақтаймыз. Тіркеу деректеріңізді бұдан әрі пайдаланбағанымызды қаласаңыз, бізбен осы нысан арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ, IBMid идентификаторын тіркеуді сұрауымыз мүмкін, осы жағдайда аты-жөніңізді, электрондық пошта мекен-жайыңызды, еліңіздің орналасқан жерін және қажет болған жағдайда тіркелу сұрауына қатысты өзге ақпаратты беруiңіз керек. IBMid бірегей идентификаторы веб-сайттарымызға кіргенде, сұрау немесе тапсырыс беру немесе өнім немесе қызметті пайдалану кезінде сәйкестендіру үшін қызмет атқарады. Көптеген қызметтер мен өнімдерге тапсырыс беру үшін IBMid идентификаторын тіркеуді талап етеміз. IBMid идентификаторын тіркеу құпиялылық параметрлеріңізді реттеуге және басқаруға мүмкіндік береді. Белгілі бір IBM өнімдері мен қызметтері осы өнімдерді немесе қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында айрықша тіркеуді қажет етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда өнім немесе қызмет үшін берiлген тіркеу мәліметтері тек осы өнімге немесе қызмет көрсетуге арналған нақты мақсат үшін пайдаланылады.

Веб-сайттарға, IBM Cloud қызметтеріне және қолданбаларына кіру сеанстары

Сонымен қатар, біз сіздің веб-сайттарымызды, IBM Cloud қызметтерімізді және қолданбаларымызды әртүрлі технологиялар арқылы пайдалануыңыз туралы ақпарат жинай аламыз. Мысалы, сіз біздің веб-сайттарымызға кіргенде немесе IBM Cloud қызметтері мен қолданбаларына кіргенде, біз сіздің шолғышыңыз немесе құрылғыңыз бізге жіберетін белгілі бір ақпаратты, мысалы сіздің IP мекенжайыңыз (географиялық орналасқан жер сияқты сіздің IP мекенжайыңыздан алынған ақпаратты қоса), операциялық жүйе, шолғыш немесе құрылғы түрі, нұсқасы мен тілі, кіру уақыты, кіру ұзақтығы және біздің сайтқа кіру үшін сіз пайдаланған веб-сайттың мекенжайы сияқты мәліметтерді журналға тіркеуіміз мүмкін; біз сондай-ақ веб-сайтты немесе қолданбаны пайдалану туралы ақпаратты, соның ішінде біздің сайттарымыздағы сіз қараған беттерді, әр сайтта өткізген уақыттарыңызды және кірген кездегі басқа әрекеттеріңіз сияқты әрекеттер журналдары мен пайдалану статистикасын қоса жинауымыз мүмкін. Біздің веб-сайтқа IBMid идентификаторысыз немесе тіркелмей кіру кезінде веб-сайттардың дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін кейбір дербес деректерді жинаймыз.

Біз мобильді қолданбаларға байланысты құрылғыңыздың орналасқан жері туралы, мысалы, географиялық орны туралы ақпарат немесе сіздің бірегей пайдаланушы идентификаторыңыз туралы ақпаратты жинай аламыз.

Сонымен қатар, біздің кейбір бағдарламалық өнімдеріміз, IBM Cloud қызметтеріміз және IBM қолданбаларымыз IBM-ге біздің өнімдер мен қызметтерді пайдалану туралы белгілі бір ақпарат жинауға мүмкіндік беретін технологияларды қамтиды. Сондай-ақ, электрондық поштаның ашылғанын немесе электрондық поштадағы сілтеменің басылғанын анықтау үшін осындай әдістерді пайдаланыла алады. Әдістер туралы қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген Cookie файлдары, Web Beacon файлдары және басқа технологиялар тарауын оқыңыз.

Маркетинг ақпараты

Өзіңіз туралы жиналатын ақпараттың көп бөлігі бізбен тікелей қарым-қатынас нәтижесінде келеді.

Кейде біз сондай-ақ басқа жанама деректер арқылы сізге қатысты ақпараттарды (мысалы, жеткізушілерден) жинаймыз. Біз солай жасаған кезде, біз жеткізушілерден ақпараттың тиісті үшінші тұлғамен заңды түрде алынғанын және біздің ақпаратты алуға және пайдалануға құқығымыздың бар екендігін растауды сұраймыз.

Тиісті жиындар мен іс-шараларға тіркелу кезінде, біз жиындарды/іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты ақпаратты немесе жиындарды өткізу кезіндегі ақпаратты (мысалы, сессияларға қатысу мен сауалнама нәтижелері туралы ақпаратты) (онлайн немесе оффлайн) жинай аламыз. Жиындар/іс-шаралар жазылуы және топтық фотосуреттер түсірілуі мүмкін. Бiз фотосуреттерді жарнамалық мақсатында пайдалану құқығын сақтаймыз. Бизнес байланыс ақпаратын (мысалы, байланыс картасын беру арқылы) берсеңіз, оны өзіңізбен байланысу үшін пайдалана аламыз.

Біз жинайтын ақпарат тікелей немесе жанама түрде жалпы дәлдігін және толықтығын жақсарту үшін және өзара әрекеттесуiмiздi жақсарту үшін біріктірілуі мүмкін.

Дербес деректерді пайдалану

Келесі параграфта IBM корпорациясы дербес деректеріңізді қалай пайдаланатындығын көрсетеді.

Сіздің Транзакцияға сұрауыңызды орындау

Егер IBM корпорациясынан қандай да бір нәрсе сұрайтын болсаңыз, мысалы, өнім немесе қызмет, кері байланыс немесе нақты маркетингтік материалдар, өзіңіздің сұрауыңызды орындау үшін берген дербес деректеріңізді пайдаланамыз. Бұған көмектесу үшін, біз тапсырысты орындауға қатысатын, мысалы, IBM корпорациясының бизнес серіктестері, қаржы мекемелері, көлік компаниялары, пошта немесе үкімет органдарына, мысалы, кеден органдарына, ақпаратты беруіміз мүмкін. Біз сондай-ақ тұтынушылардың қанағаттануына қатысты сауалнамамыздың бір бөлігі ретінде немесе нарықты зерттеу мақсаттарында өзіңізбен хабарласуымыз мүмкін.

Веб-сайттармыздағы тәжірибеңізді дербестендiру

Өзіңіз туралы жиналатын дербес деректерді сізге веб-сайттарда және қызметтерімізде дараланған қызмет көрсету үшін пайдалануымыз мүмін; мысалы, өзіңізді қызықтыратын ақпарат беру және веб-сайтымызда оңай навигация жасауды қамтамасыз ету мақсатында. Сондай-ақ бұл ақпаратты веб-сайттарымызды жақсарту үшін пайдалана аламыз.

Қолдау көрсету

Дербес деректеріңізді бізден алған өнімдер немесе қызметтерді қолдау үшін, мысалы, өнім жаңартуы мен жөндеуі туралы сізге ескерту жасау үшін пайдаланамыз. Өнімді қолдауға қатысты өзіңізді қызықтыратын ұсыныстар беру үшін ақпаратыңызды басқа өзара әрекеттесу арқылы алынған ақпаратпен біріктіре аламыз.

Cондай-ақ сізді "Live Chat" сеанстарымен өзіміздің веб-сайттарымызда қамтамасыз етеміз, онда сізге сайттар мен форумдарға кіру және навигациялау кезінде қиындықтарды шешу үшін көмек көрсетіледі. Сіздің мұндай сеанстар мен форумдарда берiлген дербес деректеріңізді осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге сәйкес қолданамыз.

Сізге техникалық қолдау көрсету барысында, бізге берілген деректерге немесе сіздің жүйеде орналастырылған деректерге кездейсоқ кіруіміз мүмкін. Бұл деректерде сіз, сіздің компанияның қызметкерлері, тұтынушылары, серіктестері немесе жеткізушілері туралы ақпарат болуы мүмкін. Бұл Құпиялылық туралы мәлімдеме біздің аталған дербес деректерге қатынасуымызға немесе өңдеуімізге қолданылмайды; осы деректерді өңдеу және өңдеуге қатысты ережелер тиісті Пайдалану шарттарымен немесе сіз бен IBM арасындағы басқа да келісім-шарттармен (мысалы, Диагностикалық деректерді алмастыру үшін пайдалану шарттары) реттеледі.

IBM Cloud қызметтеріне және қолданбаларына кіру сеанстары

Біз ұсынған IBM Cloud қызмет қолданбаларын пайдаланған кезіңізде жиналатын мынадай мәліметтерді келесі мақсаттарда пайдалануымыз мүмкін: біздің бағдарламалық құрал өнімдеріміздің, IBM Cloud қызметтеріміздің және IBM қолданбаларымыздың қолданылуы мен тиімділігі туралы статистикалық мәліметтер алу; өнімдеріміз бен қызметтеріміздегі қолдану ыңғайлылығы мен сапаны жақсарту және жеке талаптарға сай реттеу; сізбен өзара әрекеттесу сапасын жақсарту; тұтынушыларға олардың өнімдері мен қызметтерін жалпы пайдалану туралы хабарлау, сонымен қатар біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді жетілдіру және дамыту, құрылғымен өзара әрекеттесуді бейімдеу немесе жақсарту; қысқаша және анонимді есептер дайындау.

Маркетинг

Сiз IBM корпорациясына берген дербес деректеріңізді, сондай-ақ сіз туралы жанама жиналған дербес деректерді IBM корпорациясы маркетингтік мақсаттарда, яғни, ағымдағы өнім портфелін толықтыра алатын және IBM ұсынатын оқиғалар, өнімдер, қызметтер мен шешімдер туралы хабардар ету үшін пайдалана алады. Дегенмен, бұған дейін өзіңіздің дербес деректеріңізді осы жолмен қолдануға болатындығын немесе болмайтындығын таңдау мүмкіндігін ұсынамыз. Сіз кез келген уақытта маркетингтік материалдарды алудан әрбір электрондық хатқа енгізілген жазылымды жою нұсқауларын орындау арқылы сіз қоңырау шалған кезде немесе бізбен тікелей байланысу арқылы бас тарта аласыз ("Құпиялылық және кіру мәселелерін" төмен қараңыз).

Біздің ұсыныстарымыз бен іс-шараларымыздың кейбіреуі IBM корпорациясы мен IBM өнімдері немесе қызметтерін пайдаланатын, қайта сататын немесе толықтыратын үшінші тараптармен (мысалы, іскери серіктестер мен шешімдерді жеткізушілер) бірге бірлесіп брендтелуі немесе қаржыландырылуы мүмкін. Бірлескен брендтеу ұсыныстары мен оқиғалары мұндай серіктестікті нақты анықтайды. Егер осы ұсыныстар немесе ic-шараларға тіркелсеңіз, ақпаратыңызды сол үшінші тараптардың жинай алатындығын және ала алатындығын ескеріңіз. Біз өзіңіз туралы ақпаратты өңдеу тәсілін түсіну үшін үшінші тараптың құпиялылық саясаттарымен танысуыңызға кеңес береміз.

Егер досыңызға немесе әріптесіңізге "Бұл парақшаны Электрондық поштамен жібергіңіз" келсе, біз олардың атын және электрондық пошта мекен-жайын сұраймыз. Біз сіз көрсеткен парақшаны бір реттік электрондық пошта хаты арқылы автоматты түрде жібереміз, бірақ сол ақпаратты басқа мақсаттарда пайдаланбаймыз.

Рекрутинг

IBM веб-сайтында жарнамаланған немесе басқадай түрде көрсетілген жұмысқа немесе өтінішке байланысты сіз бізге резюме сияқты өзіңіз туралы ақпарат бере аласыз. Біз осы ақпаратты IBM корпорациясында сіздің өтінішіңізге жауап беру немесе сізді жұмыспен қамту мақсаттарында пайдалана аламыз.

Қоңырауларды, чаттарды және басқа да өзара байланыстарды бақылау және жазу

Кейбір онлайн транзакциялар сіздің бізге немесе біздің сізге қоңырау шалуымызды қамтиды. Олар онлайн чаттарды да қамтуы мүмкін. Аталған өзара байланыстарды бақылау және кейбір кезде қызметкерлерді оқыту үшін, сапаны бақылау мақсаттарында немесе нақты транзакция немесе өзара әрекеттесу туралы дәйектерді жинау/сақтау мақсатында оларды жазу IBM корпорациясының жалпы ережесі болып табылатындығын екеріңіз.

Ақпаратты Әлеуметтік есептеу ортасында қолдану

IBM корпорациясы желіде ортақ пайдалануды және оларды пайдалануға тіркелген мүшелер арасында бірлесіп жұмыс істеуді қосу үшін веб-сайттардың кейбіреуінде әлеуметтік есептеу құралдарын қамтамасыз етедi. Оған форумдар, викилер, блогтар және басқа да әлеуметтік медиа платформалары жатады.

Осы бағдарламаларды жүктегенде және пайдаланғанда немесе осы әлеуметтік есептеу құралдарын пайдалану үшін тіркелгенде, кейбір дербес деректеріңізді беруiңiздi cұрау мүмкін. Тіркеу туралы ақпарат (сіздің профиліңіздің бір бөлігі ретінде басқа қатысушыларға автоматты түрде қол жетімді болатын ақпаратты қоспағанда) осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге сәйкес реттеледі және қорғалады. Осы бағдарламалар және құралдарда дербес деректерді жинау мен пайдалануға қатысты арнайы ақпаратты қамтитын қосымша құпиялылық мәлімдемелер болуы мүмкін. Құралдарды және бағдарламалардың не жасайтынын түсіну үшін сол қосымша мәлімдемелерді оқыңыз.

Осы әлеуметтік платформаларда немесе бағдарламаларда басқа қатысушыларға қол жетімді ететін сіз жариялаған суреттер, ақпарат, пікірлер сияқты басқа кез-келген контент немесе дербес деректердің кез келген басқа түрі осы Құпиялылық туралы мәлімдемемен реттелмейді. Керісінше, осы контент сол бағдарламаларды немесе платформаларды Пайдалану шарттарына сәйкес және соларды пайдалануға, сондай-ақ, осындай құралдардан мазмұнды жоюға немесе осылай жасауға көмек жасау процесіне қатысты берілген қосымша нұсқауларға және құпиялылық ақпаратына сәйкес реттеледі. Өзіңіздің, IBM корпорациясының және басқа тараптардың ондай контентке қатысты құқықтары мен міндеттерін дәлірек түсіну үшін сол аталған ақпаратты қараңыз. Кез-келген әлеуметтік желiнің платформасында сіз жария еткен контент IBM корпорациясының ішінде және одан тыс қол жетімді болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

IBM корпорациясының және басқалардың құқықтарын және жеке меншігін қорғау

IBM корпорациясының, біздің бизнес серіктестеріміздің, жеткізушілеріміздің немесе клиенттеріміздің, басқа да тұлғалардың құқықтары мен мүліктерін қорғау үшін, мұндай құқықтар мен мүліктер зардап шегуі мүмкін деп санауға жеткілікті негіз болған жағдайда, өзіңіздің дербес деректеріңізді пайдалана және бөлісе аламыз. Сонымен қоса, біз дербес деректеріңізді заң талаптарын орындау үшін таратуымызға құқығымыз бар және дербес деректерді тарату біздің құқықтарымызды немесе басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін, веб-сайттарымызға қатысты сот істерін, сот шешімін немесе заң процесін орындау үшін қажет деп есептеген кезде дербес деректеріңізді біздің таратуымызға құқығымыз бар.

Бизнес серіктестер туралы ақпарат

Егер IBM бизнес серіктестерінің өкілі болсаңыз, IBM бизнес серіктестерінің қолдануы үшін арналған IBM веб-сайттарына кіре аласыз. Өзара қарым-қатынасты, сіз өкілеттік ететін бизнес серіктес және жалпы IBM бизнес серіктестері арасындағы қарым-қатынасты басқару және дамыту үшін сол веб-сайтта берілген ақпаратты пайдалана аламыз. Мысалы, бұл IBM бизнес серіктестері бағдарламаларының мәліметтерін сізге жіберу үшін, сіз туралы ақпаратты пайдалануды қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл белгілі бір ақпаратты басқа да бизнес серіктестермен (егер тиісті құпиялылық туралы міндеттемелерде өзгеше көзделмесе) немесе IBM клиенттері мен ықпалды клиенттерімен бөлісуді қамтуы мүмкін. Тиісті транзакция немесе бағдарлама бойынша, сізбен нарықты зерттеу мақсатында немесе клиенттің қанағаттануына қатысты сауалнама аясында хабарлауымыз мүмкін.

Жеткізушілерге арналған ақпарат

Егер IBM жеткізушісінің өкілі болсаңыз, сіз IBM жеткізушілерінің қолдануы үшін арналған IBM веб-сайттарына кіре аласыз. Аталған веб-сайт арқылы берілген ақпаратты сізбен транзакция жасау немесе орындау үшін пайдалана аламамыз. Мысалы, біз ақпаратты IBM корпорациясының басқа бөліктерімен, IBM бизнес серіктестерімен, тұтынушыларымен, жеткізу компанияларымен, қаржы мекемелері және пошта немесе тапсырысты орындауға қатысатын үкімет органдарымен бөлісе аламыз. Сонымен қатар, ол өзара қарым-қатынасты, сіз өкілеттік ететін жеткізуші және жалпы басқа IBM жеткізушілері арасындағы қарым-қатынасты басқару және дамыту үшін пайдаланады.

Балалар

Егер басқаша қарастырылмаса, біздің веб-сайттар, өнімдер мен қызметтер 16 жасқа толмаған балаларға арналмаған.

Сақтау

IBM корпорациясы дербес деректеріңізді ақпараттың өңделуін қамтамасыз ету немесе дербес деректеріңізді сақтаудың басқа да негізделген себептерін орындау (мысалы, біздің заңды міндеттемелерімізді орындау, дауларды шешу немесе келісім-шарттарымызды орындау) үшін қажет болғанша сақтайды.

Тіркелу ақпаратыңыз сіздің тіркеулік жазбаңыз немесе IBMid идентификаторы белсенді болса немесе сізге қызмет көрсету үшін қажет болғанша сақталады. Сізге қызмет көрсетуіміз үшін тіркеу деректеріңізді одан әрі пайдаланбауды сұрағыңыз келсе, бізбен осы нысан арқылы хабарласыңыз. Тиісті IBM клиенті мен IBM корпорациясының арасында жасалған келісім-шарт бойынша сізге қолдануға болатын IBM Cloud қызметтеріне қатысты, сіздің тіркелу ақпаратыңыз сол IBM клиентінің талаптарын орындау үшін сақталуы мүмкін.

Cookie файлдары, Web Beacon файлдары және басқа технологиялар

Жоғарыда айтылғандай, біз веб-сайттарға кіруіңіз бен IBM Cloud қызметтері мен бағдарламалық өнімдерін пайдалануыңыздан ақпарат жинаймыз; бұл бізге пайдалану мен тиімділік туралы статистиканы әзірлеуге, сіздің тәжірибеңізді дараландыруға, біздің өзара әрекеттесуімізді жекелендіруге және өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсартуға көмектеседі. Біз мұны әр түрлі әдістерді қолдану арқылы (соның ішінде скрипттар, тегтер, Жергілікті ортақ нысандар (Flash cookie файлдары), Local Storage (HTML5) beacon файлдары, cookie файлдары) жасаймыз.

Cookie файлдары дегеніміз не жəне олар не үшін қолданылады

Cookie файлдары - веб-сайт браузерге жіберетін, сосын компьютерді анықтайтын тег ретінде компьютерде сақталатын деректердің бір бөлігі. Cookie файлдары көбінесе веб-сайтты пайдалану (кірушілер саны және кіру ұзақтығы сияқты) және оның тиімділігін (кірушілерді көп қызықтыратын тақырыптар) анықтау, сондай-ақ оңай шарлау мен пайдалануға көмектесу үшін ғана қолданылады, сондықтан бұл файлдар дербес деректерді өңдеумен байланысты емес. Бірақ кейбір кезде олар профильдік ақпаратпен немесе пайдаланушы параметрлерімен/теңшелімдерімен байланысу арқылы веб-сайтқа нақты кірушінің әрекетін жекешелендіру мақсатында пайдаланыла алады. Уақыт өте келе осы ақпарат пайдаланушы әрекетін жақсартуға көмектесетін мәнді түсініктеме береді.

Үшінші тұлғалар өздерінің өнімдерін / қызметтерін IBM веб-сайтында ұсынған кезде, IBM анонимді мәліметтер жинағын жасап, оларды өз өнімдері / қызметтері бойынша қанша пайдаланушы өзара әрекеттескенін немесе қызығушылық білдіргенін түсінуге көмектесу үшін бөлісе алады.

Cookie файлдары "сеанс" cookie файлдары немесе "тұрақты" cookies файлдары деп санатқа бөлінеді. Сеанс cookie файлдары веб-сайт арқылы тиімді әрі жеңіл навигациялауға көмектеседі; бұл сіздің бір парақшадан екінші парақшаға ауысқан кездегі ақпаратты сақтау арқылы жүзеге асырылады. Осылайша ағымдағы кіру кезінде әлдеқашан берілген ақпаратты немесе транзакцияны орындау үшін қажетті ақпаратты қайтадан берудің қажеті жоқ. Сеанс cookie файлдары уақытша жадта сақталады және веб-браузер жабылғанда жойылады. Тұрақты cookie файлдары пайдаланушы параметрлерін/теңшелімдерін ағымдағы және болашақтағы кірулер үшін сақтайды. Олар сіздің құрылғыңыздың қатқыл дискісінде жазылады және браузерді қайта іске қосқанда, ол әлі жарамды болады. Біз тұрақты cookie файлдардын, мысалы, сіз тіл және елді таңдағанда қолданамыз.

Cookie файлдарын пайдалануға қатысты құпиялылық қалауларыңызды қалай көрсету керек

Біздің веб-сайттарымызға немесе онлайн қызметтерге кіргенде, веб-браузер немесе IBM арқылы ұсынылған опциялар мен құралдарды пайдаланып cookie файлдарына және басқа ұқсас технологияларға қатысты қалауларыңызды орнатуға болады. Егер cookie файлдары IBM арқылы жүзеге асырылса, ол біздің веб-сайтымызға бірінші рет келуіңізде көрсетіледі. "Сookie файлдары параметрлерін/теңшелімдерін" IBM веб-сайтының төменгі жағын басу арқылы кез-келген уақытта өзгерте аласыз, және сол арқылы IBM веб-сайттары мен IBM Cloud қызметтерінің қандай cookie түрлерін қолдана алатынын таңдауға болады. Қажетті, талап етілетін және функционалды немесе талап етілетін, функционалды және дербестендірілген cookie файлдарына арналған параметрлеріңізді/таңдауыңызды көрсетуге болады. Мұнда пайдаланылатын cookie файлдарының түрлері жайлы қосымша ақпаратты таба аласыз. Сookie файлдары параметрлерін пайдалану сіздің құрылғыңызда орнатылған cookie файлдарын жоюға әкелмейді. Веб-браузер параметрлері арқылы құрылғыңыздағы cookie файлдарын жоюға болады.

IBM веб-сайттары, онлайн және Cloud қызметтері қазіргі кезде бақылау/қадағалау механизмдеріне қатысты автоматты браузер сигналдарын (мысалы, "бақылама/қадағалама" нұсқаулықтарын) танымайды. Сонда да, өзіңіздің веб-браузеріңіз арқылы көптеген cookie түрлері мен соған ұқсас технологияларға қатысты құпиялылық параметрлеріңізді/таңдауларыңызды, жалпы алғанда, көрсете аласыз. Cookie файлдары туралы ақпаратты өзіңіздің браузеріңіздегі "Құралдар" (немесе ұқсас құрылғыны) қараңыз. Көптеген жағдайларда браузеріңізді cookie файлын қабылдағанға дейін ескертуді орната аласыз, бұл оны қабылдауды немесе қабылдамау туралы шешім жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жалпы алғанда cookie файлдарын өшіру үшін браузерді орнатуға болады. Біздің бағдарламалық жасақтама өнімдеріміздегі cookie файлдары өнімнің өзінде өшірілуі мүмкін. Cookie файлдары біздің веб-сайттарымыздың кейбір мүмкіндіктерін немесе біздің бағдарламалық өнімдеріміздің мүмкіндіктері мен IBM Cloud қызметтерінің мүмкіндіктерін пайдалануға бергендіктен, біз оларды қосулы түрде қалдыруға ұсынамыз. Егер сіз біздің cookie файлдарын бұғаттайтын, өшіретің немесе басқа жолмен қабылдамайтын болсаңыз, кейбір веб-парақшалар дұрыс емес көрсетілуі мүмкін немесе сіз мысалы, өзіңіздің сатып алу себетіңізге өнімдерді қоса алмайсыз, тапсырысты рәсімдеуге өткізе алмайсыз немесе кез-келген веб-сайтты немесе тіркелуді қажет ететін IBM Cloud қызметтерін пайдалана алмайсыз.

Web beacons немесе басқа технологиялар

Кейбір IBM веб-сайттары, IBM Cloud қызметтері және бағдарламалық өнімдер web beacons файлдарын немесе басқа технологияларды тұтынушыларға үздік қызмет көрсету және сайттарды жақсы бейімдеу үшін пайдалануы мүмкін. Осы технологиялар IBM веб-сайттарындағы бірқатар парақшаларда пайдаланылуы мүмкін. Кіруші осы парақшаларға кіргенде, сол кіруді анықтайтын сізге білінбейтін ақпарат пайда болады; бұл ақпаратты біз немесе жеткізушілеріміз өңдей алады. Осы web beacon файлдары әдетте cookie файлдарымен бірге жұмыс істейді. Егер cookie файлдары туралы ақпараттың сол парақшаларға кіру немесе өнімдерді пайдаланумен байланысқанын қаламасаңыз, cookie файлдарын өшіру үшін немесе соған сәйкес өнімнің өзіндегі cookie файлдарын өшіру үшін браузерді орнатуға болады. Егер cookie файлдарын өшірсеңіз, web beacon файлдары және басқа технологиялар сол парақшаларға кіруді анықтайды; дегенмен, олар cookie файлдарында сақталған ақпаратпен байланыспайды.

IBM Cloud қызметтерімен және бағдарламалық жасақтама өнімдерімен, соның ішінде оларды өшіру әдістерімен қолданылатын технологиялар туралы қосымша ақпарат алу үшін, қолданатын нақты бағдарламалық өнім немесе IBM Cloud қызметтеріне арналған пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Жергілікті ортақ нысандарын (мысалы, Flash cookie файлдары) және Жергілікті сақтау нысандарын (мысалы, HTML5) контент ақпаратын және параметрлерді/теңшелімдерді сақтау үшін қолданамыз. Веб-сайтымызда белгілі бір мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін немесе сіздің веб-браузеріңізді пайдалануыңызға негізделіп басқа веб-сайттарда IBM қызметтерін жарнамалау үшін біз үшінші тұлғалармен серіктесуіміз мүмкін. Бұл үшінші тұлғалар да Flash cookie немесе HTML5 файлдарын ақпаратты жинау және сақтау үшін қолдануы мүмкін. Әр түрлі браузерлер HTML5 файлын жою үшін өздерінің жеке басқару құралдарын ұсынуы мүмкін. Flash cookie файлдарын басқару үшін осы жерді басыңыз.

Сондай-ақ, web beacon файлдарын маркетингтік мақсатта жіберілген электрондық хаттарда немесе біздің жаңалықтар бюллетенінде пайдалануымыз мүмкін; бұл тиісті электрондық хаттардың ашылғанын/ашылмағанын және оларда көрсетілген сілтемелердің басылғанын/басылмағанын анықтауға көмектеседі.

Іскерлік серіктестеріміздің кейбіреуі веб-сайтымызға web beacon мен cookie файлдарын орнатады. Оған қоса, үшінші тараптық әлеуметтік медиа түймелері IP мекенжайы, браузер түрі және тілі, кіру уақыты және тиісті веб-торап мекенжайлары сияқты белгілі бір ақпаратты тіркеуі мүмкін. Сіз сол әлеуметтік медиа тораптарына кірсеңіз, олар жиналған ақпаратты профильдік ақпаратыңызбен сол сайтта байланыстыруы бір мүмкін. Біз бұл үшінші тараптардың қадағалау технологияларын басқармаймыз. Кейбір веб-сайттарымызда тұрақты контентты жеткізу үшін қолданылатын "s81c.com" доменін үшінші тарап емес, IBM басқаратынын ескеріңіз.

Онлайн жарнама

IBM корпорациясы үшінші тұлға желі жарнамаларын біздің веб-сайттарымызда таратпайды, бірақ біз өзіміздің өнімдерді және қызметтерді басқалардың веб-сайттарында жарнамалаймыз. Сол веб-сайт операторларының немесе желіде жарнама берушілердің құпиялылық саясаттарымен, олардың жарнамалауға қатысты іс-әрекеттерімен таныс болу үшін, соның ішінде олар интернетті пайдалануыңыз туралы қандай ақпарат жинай алатындығын түсіну үшін, таныс болыңыз.

Біз қолданатын кейбір жарнамалау желілері Желілік жарнамалық бастамасының (NAI) немесе Еуропалық интерактивті сандық жарнама альянсының (EDAA) мүшелері болуы мүмкін. Жеке тұлғалар NAI немесе EDAA мүшелері жеткізетін мақсатты жарнамалардан төмендегі сайттарда ұсынылған құралдарды пайдалану арқылы бас тартуы мүмкін:

  • Сандық Жарнама Альянсы (DAA)
  • Желілік Жарнама Бастамасы (NAI)
  • Еуропалық Интерактивті Сандық Жарнама Альянсы (EDAA)

Сондай-ақ, басқа веб-сайттардағы біздің жарнаманы жүзеге асыру үшін үшінші тұлғалармен жұмыс жасаймыз. Осы үшінші тұлғалар cookie және web beacon файлдарын сіздің IBM және басқа веб-сайттардағы іс-әрекетіңіз туралы ақпаратты (IP мекенжай сияқты) жинау үшін қолдануы мүмкін, бұл сіздің қызығушылығыңызға негізделген мақсатты IBM жарнамаларын беруге көмектеседі:

  • Америка Құрама Штаттарында және Канадада сізге бағытталған IBM жарнамалары "AdChoices" белгішесімен көрсетіледі, себебі IBM Сандық Жарнама Альянсының желілік жарнамаға қатысты өзіндік реттеу бағдарламасына қатысады (youradchoices.com және youradchoices.ca қараңыз). Өз қалауыңызды басқару үшін жарнамалардағы белгішені басуға болады.
  • Немесе, егер осы ақпараттың мақсатты жарнама үшін пайдаланылуын қаламасаңыз, осы жерге басу арқылы бас тарта аласыз.

Бұл мақсатты емес жарнама алудан бас тартуға әкеліп соқпайтынын ескеріңіз. Сіз жалпы, мақсатты емес жарнамаларды алуды жалғастырасыз.

IBM корпорациясына тиесілі емес веб-сайттарға және Үшінші тарап бағдарламаларына сілтемелер

Тіркелгілеріңіз бар (Facebook және басқа әлеуметтік медиа сайттары сияқты) басқа веб-сайттармен байланыс орнатуға немесе ондай веб-сайттардағы бірлестіктерге қосылуға мүмкіндік беру үшін, біздің веб-сайттардан кіруге, контент жариялауға немесе бірлестіктерге қосылуға мүмкіндік беретін сілтемелер мен үшінші тарап бағдарламаларын қамтамасыз етуіміз мүмкін.

Сондай-ақ IBM корпорациясына тиесілі емес веб-сайттарға апаратын жалпы сілтемелерді беруіміз мүмкін.

Осы сілтемелерді және бағдарламаларды пайдалану, үшінші тарап құпиялылық саясаттарына жатады және сілтемелерді немесе бағдарламаларды пайдаланбай тұрып, сіз үшінші тарап құпиялылық саясаттарымен танысып алуыңыз керек. IBM басқа веб-сайттардың құпия ақпаратқа қатысты іс-әрекеттері мен мазмұны үшін жауапты емес.

Өзгерicтер туралы хабарлау

Біз осы құпиялылық мәлімдемесін деректерді басқару тәжірибесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты мезгіл-мезгіл жаңартып отыруымыз мүмкін. Қайта қарастырылған Құпиялылық туралы мәлімдеме осы жерге жаңа күнімен жарияланады. Біз сізді өзгерістер мен жаңартуларды мезгіл-мезгіл тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер біз Құпиялылық туралы мәлімдемеге елеулі өзгерістер енгізсек, осы беттің жоғарғы жағында 30 күн ішінде хабарлама жариялаймыз. Осындай өзгерістер күшіне енген соң, біздің веб-сайттарымызды пайдалануды жалғастыра отырып, сіз бұл өзгерістерді оқып, түсіндіңіз деп сенеміз.

Құпиялылық сұрақтары және қолжетімділік

Егер сізде осы Құпиялылық туралы мәлімдеме туралы немесе IBM-нің деректеріңізді қолдануына қатысты сұрақтарыңыз болса, бізбен осы нысан арқылы хабарласа аласыз.

Сіз сондай-ақ, бізбен байланыса аласыз:

IBM's Chief Privacy Office
1 North Castle Drive
Armonk, NY 10504
U.S.A.

Кейбір жағдайларда, сізде Интернеттегі жеке ақпаратты көруге, өңдеуге немесе жоюға қабілет болады. Ақпаратыңыз желіде қол жетімді болмаған жағдайда және IBM корпорациясына берген тиісті ақпараттың көшірмесін алғыңыз келсе немесе егер ақпараттың қате екенін білсеңіз және оны дұрыстағыңыз келсе, бізбен хабарласыңыз. Сіздің құқықтарыңыз туралы қосымша ақпаратты осы жерден табасыз.

Бұдан әрі IBM компаниясынан маркетингтік эл. хаттарды алғыңыз келмесе,  осындағы тиісті параметрлерді өзгертіңіз. Жазылыстар үшін әр электрондық поштаның төменгі жағындағы жазылымнан бас тарту туралы нұсқауларды орындаңыз.