Диаграмма түрлері

Сізге және басқа пайдаланушыларға маңызды болатын жолмен деректерді беру үшін IBM® Cognos Insight бағдарламасында диаграммалардың көптеген түрлері болады.

Диаграмманың сәйкес түрін таңдау үшін, біріншіден диаграмманы байлаынсуға керектігін анықтаңыз және сол мақсатқа сәйкес ең нәтижелі диаграмманы анықтаңыз.

Кесте 1. Диаграммалар түрлері
Диаграмманың мақсаты Пайдаланатын диаграмма түрі
Тенденцияларды уақыт өткен сайын көрсетіңіз. Гистограмма, сызықтық диаграмма, нүктелік диаграмма
Деректерді салыстырыңыз. Жолақтық диаграмма, бағандық диаграмма
Барлығына бөліктердің қатынасын көрсетіңіз немее пропорцияларын бөлектеңіз. Дөңгелек диаграмма
Ішкі жиынға үлес қосқан бөліктерді көрсету және уақыт өткен сайынғы өзгерісті салыстырыңыз. Үлестік сызықтық диаграмма
Қатысты деректердің топтарын көрсетіңіз. Жолақтық диаграмма, бағандық диаграмма
Уақыт өткен сайынғы өзгеріс өлшемін анықтаңыз. Аумақтық диаграмма
Екі өлшем арасындағы қарым-қатынасты көрсетіңіз. Нүктелік диаграмма
Үш көрсеткіштер арасындағы қарым-қатынастарды көрсетіңіз. Көпіршікті диаграмма
Тенденцияларды уақыт өткен сайын көрсетіңіз немесе деректерді екі көрсеткішпен салыстырыңыз. Аралас диаграмма
Жоғары және төмен мәндердің үлгілерін анықтаңыз. Тармақ картасы

Диаграмма түрлеріне келесі пішімдерді таңдай аласыз:

  • Стандарт

    Стандартты диаграмма көрсетілген мәндерді салыстырады және әр түрлі аумақтар немесе жеке қызметкерлердің деректері сынды оқшау деректі көрсетеді.

  • үлестік

    Үлестік диаграммалар жиынға қатысатын деректер қатарына жататын мәнді көрсетіп, санаттағы пропорциялы үлестерді салыстырады. Әрбір үлестіктің жоғарғы жағы әрбір санатта жиналған қорытындыны көрсетеді.

  • 100 пайыз үлестік

    100 пайыз үлестік диаграммалар жиынға қатысатын деректер қатарына жататын үлестерді көрсетіп, барлық санаттағы пропорциялы үлестерді салыстырады. Бұл пішім пропорцияларды бөлектейді. Нақты мәндер маңызды болғанда, басқа пішімді пайдаланыңыз.

  • үш өлшемді

    Үш өлшемді диаграммалар көрсетілімге көрнекі әсерлі болып көрінеді. Нақты мәндер маңызды болғанда, мақсатты басқару немесе бақылауға басқа пішімді пайдаланыңыз. Үш өлшемді диаграммалардағы қателік оларды дұрыс оқуды қиындатуы мүмкін.

Бағандық диаграммалар

Бағандық диаграммалар оқшау деректерді салыстыруға немесе уақыт сайынғы тенденцияларды көрсетуге пайдаланылады.

Бағандық диаграммалар жеке мәндерді салыстыруға тік дерек таңбалауыштарды пайдаланады.

Сызықтық диаграммалар

Сызықтық диаграммалар уақыт өткен сайынғы тенденцияларды көрсетуге және деректер қатарын салыстыруға пайдаланылады.

Сызықтық диаграммалар қалыпты нүктелерде сызықтармен байланысқан дерек тұрғызады.

Дөңгелек диаграммалар

Дөңгелек диаграммалар пропорцияларды бөлектеуге пайдаланылады.

Біртұтасқа бөліктердің қатынасын көрсетуге шеңбердің сегменттерін пайдаланады. Нақты мәндерді бөлектеуге үлестік диаграмма сияқты басқа диаграмма түрін пайдаланыңыз.

Дөңгелек диаграммалар дара дерек қатарларын тұрғызады. Бірнеше дерек қатарларын тұрғызғыңыз келсе, 100 пайыз үлестік диаграмма пайдаланыңыз.

Жолақтық диаграммалар

Жолақтық диаграммалар көптеген деректор топтамасын сызу үшін ыңғайлы.

Жолақтық диаграммалар жеке мәндерді салыстыруға көлденең дерек таңбалауыштарды пайдаланады.

Аумақтық диаграммалар

Аумақтық диаграммалар уақыт өткен сайынғы өзгеріс өлшемін анықтауға пайдаланылады. Үлестік аумақтық диаграммалар біртұтасқа бөліктердің қатынасын көрсетуге пайдаланылады.

Аумақтық диаграммалар сызықтық диаграммаларға ұқсайды, бірақ сызықтың астындағы аумақтар түстер немесе суреттер боялған.

Нүктелік диаграммалар

Нүктелік диаграммалар сандық деректерді ретсіз түрде көрсетуге пайдаланылады.

Нүктелік диаграммалар реттік немесе сансыз, остік бойынша диаграмманы тұрғызуға бірнеше нүктелерді пайдаланады. Нүктелік диаграммалар сызықтық диаграммалар сияқты болады, бірақ сызықысыз. Тек деректер нүктелері көрсетілген.

Шашыраңқы нүктелік диаграммалар

Шашыраңқы нүктелік диаграммалар қатынастарды екі көрсеткіш арасында көрсетуге пайдалы.

Шашыраңқы нүктелік диаграммалар әртүрлі өлшемдердің түрлі-түсті шеңберлерін әрбір өлшемге арналған үш көрсеткішті көрсету үшін пайдаланады. Осы x-осьі бірінші көрсеткішті және y-осьі екінші көрсеткішті көрсетеді.

Мысалы, өнім бойынша бағаны және табысты көрсететін нүктелік диаграмманы жасайсыз. Нүктелік диаграмма әрбір өнімге арналған бір шеңберден тұрады. Әрбір өнім шеңбері Бағаға, x-осьіне, Табысқа және y-осіне негізделген диаграммада тұрғызылады.

Көпіршікті диаграммалар

Көпіршікті диаграммалар қатынастарды үш көрсеткіш арасында көрсетуге пайдалы.

Көпіршікті диаграммалар әртүрлі өлшемдердің түрлі-түсті шеңберлерін әрбір өлшемге арналған үш көрсеткішті көрсету үшін пайдаланады. Осы x-осьі бірінші көрсеткішті, y-осьі екінщі көрсеткішті және көпіршіктердің өлшемі үшінші көрсеткішті көрсетеді.

Мысалы, өнім бойынша Сатылған санды және Бағаны, Табысты көрсететін көпіршікті диаграмманы жасайсыз. Көпіршікті диаграмма әрбір Өнімге арналған бір шеңберден тұрады. Әрбір өнім шеңбері Бағаға, x-осьіне, Табысқа және y-осіне негізделген диаграммада тұрғызылады. Шеңбердің өлшемі Өнімге арналған сатылған бағаны көрсетеді.

Тіркесім диаграммалары

Аралас диаграммалар уақыт өткен сайын екі көрсеткішті салыстыруды көрсету үшін пайдалы.

Аралас диаграммалар бағандық диаграмманы және сызықтық диаграмманы немесе бірдей x-осіндегі екеуін де қамтиды. Осы бағандық диаграмма бірінші көрсеткішті және сызықтық диаграмма екінші көрсеткішті көрсетеді. Әдепкі бойынша, мазмұн аумағындағы алғашқы көрсеткіш бағандар арқылы көрсетіледі және екінші көрсеткіш сызық арқылы көрсетіледі. Егер y-осінде мәндердің бірдей ауқымы болмаса, диаграмманың сол жағындағы y-осі бағандар үшін мәндерді көрсетеді және диаграмманың оң жағындағы y-осі сызыққа арналған мәндерді көрсетеді.

Мысалы, өнім бойынша Сатылған санды және Бағаны, Табысты көрсететін нүктелік диаграмманы жасайсыз. Аралас диаграмма табысты көрсететін бағандардан және сатылған санды көрсететін жолдан тұрады. Әрбір өнім баған мен жолдағы нүкте арқылы көрсетіледі.
Шектеу: Аралас диаграммада олардың мәндерін өзгерту үшін бағандарды жоғары немесе төмен жылжытуға болмайды. Сызықтық диаграммаларда да қолдау көрсетілмейтіндіктен, сүйреп апаруға сызықтық диаграммалар үшін қолдау көрсетілмейді.

Тақмақ карталары

Тақмақ карталары жоғары және төмен мәндердің үлгілерін көрсетуде пайдалы.

Тақмақ карталары әр өлшем үшін екі көрсеткішті көрсету үшін боялған әр түрлі өлшемді тіктөртбұрыштарды қолданады. Тармақ картасы тіктөртбұрыштардың өлшемі әр элемент білдіретін жалпының үлесін анықтайтын дөңгелек диаграмма сияқты.

Мысалы, сіз Өнім жолы және Өніммен сатылған Табыс пен Санды көрсететін тармақ картасын жасайсыз. Сіздің тармақ картаңыз бірнеше тіктөртбұрыштардан тұрады, әр Өнім жолы үшін бір тіктөртбұрыш. Әр Өнім жолының тіктөртбұрышы бірнеше Өнім тіктөртбұрыштан тұрады және тіктөртбұрыш өлшемінің жалпыға қатысты үлесі өнімнің Табысын білдіреді, ал тіктөртбұрыштың түсі сатылған өнімнің Санын білдіреді.